«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік

4 ақпан күні 11 «В» сыныбында Надирова А.Т. «Искусство жить среди людей» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ тыныштық сәтінен басталды. Жағымды көңіл күйге келу оқушыларды жұмыс істеуге дайындалуға мүмкіндік берді, осы кезеңде оқушылардың назары ішкі тыныштыққа және қоршаған әлем мен шынайы үйлесімділікке бағытталды. Мұғалім бір оқушыдан  оқулықтағы түрікмен мақалын оқуды ұсынды. «Смелей шагай по тропе: тропа выведет на дорогу, а дорога приведет к людям» есте сақтау үшін дәптерге мақалды жазып алуды ұсынды. Талқылауға арналған сұрақтар: Бұл тұжырым не туралы?, Неліктен қоғамнан аулақ болуға болмайды?, Адам өзін қалай жетілдіреді? Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Мұғалім  нақыл сөздер әрқашан адамдардың өмірінде маңызды рөл атқарды және ойлануға мүмкіндік беретінін, қарапайым және айқын түрде берілген даналық сөздер оқушыларды ойлануға, мәселелерді шешуге үйрететінін  айтып өтті. Алдын ала берілген оқулықтағы 109 бетегі «Притча Щедрость» әңгімесін әңгімелеу ұсынылды. Соңында оқушылар  пікірталасқа  түсті. Шығармашылық жұмыста «Адамгершілік» сөзімен қандай моральдық категориялар байланысты екенін жазу тапсырылды. Оқушылар топтық жұмыста  постер дайындап, қорғады. Сабақ соңында мұғалім оқушыларды Татьяна Снежинаның «Мы  в этой жизни гости » әнін орындауға шақырды. Әннің мәтіні әр оқушыға таратылды. Мұғалім сабағы әдістемелік тұрғыдан жақсы жабдықталған,  әртүрлі шағын фильмдер, ойшылдардың портреттері, сабаққа маңызды дәйексөздері бар плакаттар қолданды.

   7ақпан күні Утегенова Г.М. 2 «Ә» сыныбында «Өзін-өзі тану еліне саяхат» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шара «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат», «Өнерлі ел», «Достық» атты бөлімдерден тұрды. Әр бөлім бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасалып,  түрлі тапсырмалар берілді. Әр бөлімде интерактивті  тақта арқылы видеосюжеттер көрсетілді.

Оқушылар берілген тапсырмаларды  қызығушылықпен белсене орындады. Тапсырмалар әдебиеттік оқу, жаратылыстану пәндерін өзара кіріктіріле құрылған. Оқушылар соңында «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтып,  мұғалім оқушылармен кері байланыс жүргізіп,  сабақты қорытындылады.

   8ақпан  күні Муслимова Л.Т. 9«А» сыныбында «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг «Кел танысайық» жаттығуымен басталды. Оқушылар өз аттарын атап, соған орай өзінің бойындағы жағымды қасиеттерін 2-3 сөзбен айтып өтті. Тренинг пікірлесу сұрақтарымен жалғастырылды. Сіздер мектепке не үшін келесіздер? Мектепте сіздерге әр түрлі пәндерді не үшін оқытады? Кім болғыларыңыз келеді? Дәл қазіргі кезде өзіңізге қандай мақсат қойып отырсыздар? Оқушылардың жауаптарынан соң болашақта жоғалып кетуі мүмкін 7 мамандық бейнеролик көрсетілді.  Жаңа мамандықтар жаттығуын оқушылар топта отындады. Оқушыларға жаңа мамандықтар атауы жазылған карточканы таңдап алу ұсынылды. Карточкада ол мамандықтар туралы түсініктеме берілмеген. Оқушылар өмірлік тәжірибелеріне және  сол манадықтың атауына мән бере отырып сипаттама беру керек болды. Әрбір мамандықтың атауына оқушылар өз түсініктемелерін бергеннен кейін, нақты жауабына презентация арқылы толық мәлімет алды. Шығармашылық жұмыста төрт топқа төрт түрлі тапсырма берілді. Оқушылар топта дайындалып, дәрігер, инженер, металлург,бақша тәрбиешісі мамандықтарына сипаттама берді. Оқушылар топта белсенді жұмыс жасап, жұмыстарын қорғады.Топтық тапсырмадан кейін викториналық сұрақтар берілді, оқушылар шапшаң орындады.Сабақтың қорытынды сәтінде  оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Мамандық ағашы»бұрышына жазып, гүлдендірді.

   8 ақпан күні Итыгулова Ж.Т. 4 «Ә» сыныбында өзін-өзі тану пәні бойынша «Батылдық пен табандылық» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға батылдық пен табандылық ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сабақ М.Мақатаевтың «Тыныштық» өлеңімен басталды. Үй тапсырмасы «Табанды бала» әңгімесін сұралды. Оқушылар сұрақтарға жауа берді. Сабақтың дәйексөзі Б.Момышұлының  «Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуы тиіс» жайында бейнебаяннан өз дауысымен айтылған батылдық қасиетті аша түсті. Әңгімелеу айдарында мұғалім сыйы «Талшыбық пен алып ағаш». Н. Қадырбаев әңгімесі  сұрақтар төңірегінде ашылды. Шығармашылық жұмыс 1-топ  М.Иманжановтың «Жекпе-жек» әңгімесіне көрініс көрсету, 2-топ   Ұлылар  сөзіне ребус құрастыру, 3-топ  «Нағыз батыр ол маған» Ж. Кенесбаевтың өлеңін оқып, «Батылдық» ұғымы қандай адамгершілік қасиеттерімен сәйкес келетінін анықтау тапсырылды. Оқушылар топта жұмыс жасап,  өзіндік ой тұжырымдарын ортаға салды. Оқушылар тапсырмаларды өте жоғары дәрежеде орындап, құндылық мен қасиеттерді көріністер мен сахналық қойылымдармен көрсете білді. Сабақ соңында топпен ән айтылды. Мұғалім оқушылармен өмір ағашын пайдалана отырып, кері байланыс жасады, алған білімдерін жүректерінде соңғы тыныштықпен бекітті.

    8 ақпан Аскарова  Г.М. 2 «В» сыныбында өзін-өзі тану пәні бойынша «Спешите делать добро» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шара мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды. Мұғалім оқушыларға мейірімділік, жақсылық жасау, адалдық, қайырмдылық туралы түсінік беріп өтті. Келесі кезеңде балалар мейірімділік туралы өлеңдер оқыды. Әрі қарай жақсы істер жасаған ертегі кейіпкерлерін табу ұсынылды. Оқушылар көрініс көрсетті. Іс-шара келесі сөздермен аяқталды: Мейірімділікке табынайық!,Мейірімділік туралы өмір сүрейік!, Мейірімділік үшін күресейік! , Жақсылықты сақтайық!

Іс-шараға оқушылар белсенді қатысты, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өмірмен байланыстырды. Іс-шара балаларға ұнады, олар өздерінің шығармашылық  қабілеттерін көрсете алды: көрініс көрсетіп, өлең оқып, жақсы ертегі кейіпкерлерін және күнделікті өмірде қолданылатын «сиқырлы сөздерді»еске алды.

8 ақпан күні 6 «Ә» сыныбында Шаймерденова Б.К. «Сыныптағы достық» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: Оқушылар сыныптағы достықтың маңыздылығын түсіне отырып, адалдық, мейірімділік, шынайылық қасиеттерін  дамыту, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сыныпта психологиялық ахуал орнатып, оқушылар зейінін өзіне аударды. Тыныштық сәтін баяу әуенді тыңдап, жақсы көңіл -күймен  бастады. Үй тапсырмасы: «Отбасының жылуы» тақырыбында жазып келген эсселерін  оқыды. Сабақтың дәйексөзі «Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам» халық  мақалы. Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып, сұрақтарға жауап берді. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? Өзіңді айнымас доспын деп айта аласың ба?  Мұғалім «Менің сүйікті досым» бейне көрсетілімін көруді ұсынды. Соңында пікір алмасты. Біз бәріміз біреуге доспыз… Достың қандай түрлері бар? деп оқушыларға сұрақ қойылды. Оқиға әңгімелеуде  алдын ала берілген оқулықтағы 78-беттегі  Қ. Жиенбайұлының  «Аптаның ақырғы күндері»  әңгімесін мазмұндауды ұсынды. Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап берді. Шығармашылық жұмыста сынып топтық жұмыс жасады 1-топ: эссе жазу , 2-топ: сурет салу,  3-топ мақал- мәтелді аяқтау, 4- топ 4 жол өлең жазу берілді. Оқушылар топта талқылап, постер  қорғады. Сабақ соңында оқушылар Т.Молдағалиевтың сөзіне жазылған «Жан досым» әнін хормен айтты. Сіздерден тек жақсы сөздер және жақсы істер бағытталсын. Бүгінгі сабақ барысында игерген  жақсы қасиеттеріңізбен сөздеріңізді жүрегіңіздің түбінде сақтаңыздар! Достықты түсіне біл, өзің де достыққа адал бол, жаның сұлу, жүрегің мейірімді болсын, тілектес бола біл! деп мұғалім кері байланыс жасап, сабақты қорытындылады.

9 ақпан күні 2 «Б» сыныбында Оспанова А.М. «Учимся дружить» тақырыбында ашық сабақ өтті. Қолайлы орта құру үшін «Көбелектің ұшуы»атты тыныштық сәтін ұйымдастырды. Алдыңғы сабақта оқушылар М.Қаманбаевтың «Сам пропадай, а друга выручай» әңгімесін мазмұндап берді. Оқушылар әңгімені талқылауға өте белсенді қатысты. Неліктен әңгіме «Өзіңді жоғалтып ал, Досыңды құтқар»деп аталады? Анеш пен Жақыпты нағыз дос деп атауға бола ма? Неліктен? Досыңызға қалай көмектесесіз? сұрақтары аясында өз ойларын өрбітті. Оқушылар » Урок дружбы » ертегісін тамашалады. Оқушылар Ертегіні қарап, достықта адалдық пен кешіре білу қаншалықты маңызды екендігі туралы ойлады. Одан әрі  мұғаліммен бірге » Мокрая собачка «сергіту сәтін орындады. Шығармашылық жұмыста  «Достық білезігі» және «Біздің алақанымыз» тапсырмасын орындады. Оқушылар білезік пен алақанға  берік және шынайы достық үшін қажетті қасиеттер мен тілектерді жазды. Сабақ соңында оқушылар (сөздер: Михаил Танич, музыка: Владимир Шаинский) «Если с другом вышел в путь» атты әнді шырқады.  Сабақта топтық ән айту өте эмоционалды болды. Сабақта оқушылар белсенді жұмыс жасап қызығушылық танытты. Оқушылар өз ой- пікірлерін білдірді. Сынып  оқушылары қабілеттілігімен және шынайылығымен ерекшеленді.

9 ақпан күні 8 «А» сыныбында Ақжанова Н.А.     «Менің сыныптасым» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға сыныптағы достық, сыйластық ұғымдарының маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сабақтың дәйексөзі: Авраам Линкольннің  «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы», Қарым-қатынастағы ең жақсы қасиет қайсы?. Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып, сұрақтарға жауап берді. Мұғалім сыйы ретінде оқушыларға
«Екі дос» бейне көрсетілімін ұсынды. Сұрақтар арқылы талдады. 1.Азамат неліктен ренішін құмға жазды? 2.Жақсылықты тасқа жазудың себебі неде? 3.Бұл оқиғадан қандай сабақ алар едіңдер? Шығармашылық жұмыста ұлдар мен қыздардың  бойындағы қасиеттерді теріп жазу тапсырылды. Сыныптағы достарына да мінездеме беріп өтті. «Өзіңді жұрт сыйласын десең, алдымен өз-өзіңді сыйла» деген сөзді көзқарас, себеп,  мысал, қорытындылау арқылы оқушылар топта талқылап, постер қорғады. Мұғалім кері байланыс жасап, сабақты Қуандық Рахымның «Жан досым» әнімен аяқтады.

Қорытынды: Онкүндік барысында жоспарланған іс-шараның барлығы талапқа сай өткізілді. Мұғалімдердің шеберлігі мен оқушылардың белсенділіктері байқалды. Ашық сабақтарда сабақ құрылымдары бойынша тыныштық сәтiнен басталды. Ұлы ойшылдар мен тұлғалардың  дәйексөзінің мағынасы ашылды. Сабақты өмірмен тығыз байланыстырды. Оқушылар шығармашылық жұмыстар жасап,  құндылықтар мен қасиеттерді нақты аша білді. Директордың әдістемелік  ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Абдикаримова  онкүндіктің  жоғары деңгейде өткендігін атап өтіп, пән мұғалімдері мен оқушыларға алғысын білдірді.