Шет тілдер бірлестігінің онкүндігі

2022 жылы 14-25 ақпан аралығында шет тілдер пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Ашылу салтанатында бірлестік жетекшісі К.С.Макашева апталықтың іс-шара жоспарымен таныстырды.

14 ақпан күні Facebook желісі және Instagram желісінде Тұтқабаева Салтанат 2-9 сыныптар арасында  «Spring Holidays» атты өлең оқу байқауын өткізді.Жүлделі 1орынды 6 «Ә» сынып оқушысы Хабылхан Рамазан, 1 А сынып оқушысы Бактакунова Айару, жүлделі IIорынды 5 «Ә» сынып оқушысы  Малкенов Мирас, жүлделі III орынды 4 «А» сынып оқушысы Наурызбай Арай, 4 «Б»сынып оқушысы Камитова Жанель иеленді.

14.02-18.02 аралығында «I love London» атты көрме байқауын Утемуратова Хадиша  Асанқызы 3-9 сыныптар арасында ұйымдастырды. Жүлделі Іорынды 4 «А» сынып оқушысы Асанова Айяназ «Big Ben» макет, ІІ орынды 8 «Қ» сынып оқушысы Хамзеева Аруна «My London» суреті және 9 «А» сынып оқушысы Алтынбекова Фариза «I love London» суреті, ІІІ орынды 6 «А» сынып оқушысы Нұрыш Нұрсұлтан «English village» және 6 «Ғ» сынып оқушылары «Phone booth» иеленді. Белсене қатысқан оқушылар да мақтау қағазымен марапатталды.

15 ақпан күні Уралов Олжас Бауржанович 4 «Б» сынып оқушыларымен «Healthy food» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Видео таспа көрсету арқылы проблемалық сұрақ қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын оқушылардың өздерінің ашуына мүмкіндік  туғызды.Топтық және өздік жұмыс жүргізіліп, деңгейлік тапсырма ұтымды ұйымдастырылды. Әр тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады.  Жартылай ізденушілік,  зерттеу сұрағы  арқылы сабақты қорытындылап, әр оқушыны  түйінді  ой шығаруға  жетеледі. Сабақта оқушылардың жас ерекшелігі ескерілген, оқушыларға қызықты тапсырмалар берілді. «Ойды аяқта»әдісі арқылы сабақты қорытындылады. Сабақ жеткілікті  деңгейде өтті.

16 ақпан  күні Адамбай Шолпан Жолмухаметқызы 8 «Ә» сынып оқушыларымен «What a danger» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа ақпараттық технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды, күнделікті өмірмен байланысқа, сөз мәнеріне, сөйлеу дағдыларына тәрбиелік кезеңдеріне көп көңіл бөлінді, өз бетінше шешім шығаруға, өз ойын ортада еркін түрде білдіруге бағыт берді.«Quzzlet» платформасы бойынша  «Кім жылдам» әдісімен сабақты қорытындылауға тест берілді. Оқушылар берілген  тест сұрақтарын    мұқият оқып, дұрыс нұсқаны белгіледі. «Еркін микрофон» әдісі арқылы  оқушылар өз ойларын ортаға салды, пікір алмасты. «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жүргізді. Оқушылардың белсенділігі білім тексеру кезіңінде, жаңа сабақ барысында, бекітуде байқалды. Сабақта тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша жұмыс жүргізілді. Жұптық, ұжымдық, жеке жұмыста оқушылар  деңгейіне қарай тапсырма беріліп  отырды. Үй жұмысының орындалу әдістемесін түсіндіріп, құрамына танымдық тапсырмаларды енгізіп, сыныптың деңгейіне қарай тапсырма берілді. Сыныптың және жеке оқушының жұмысын бағалап, мақсатқа жетудің нәтижелілігіне талдау жасады. Мұғалім оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыра отырып, өз мақсатына толық жетті. Сабақ  жоғары деңгейде өтті .

21 ақпан күні Сламбекова Айнұр  10 «Ә» сынып оқушыларымен ««Imagination and creativity. Project work. Art» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Алдыңғы сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында  доппен ойын жүргізу арқылы жаңа сөздердің анықтамасын тексерді.Оқушылар  берілген сұрақтар арқылы  тақырыпты болжады. Сөздік жұмысы жүргізіліп, Jamboard интерактивті желісі арқылы  жаңа сөздерді қаншалықты меңгергенін тексерді. Тақырыпқа сәйкес Уолт Дисней туралы ақпарат беріліп, сол бойынша сұрақтарға жауап берді.  Сабақтың қонағы Микки Маус дайындаған «Шрек» және  «Кунг фу Панда» мультфильмдерінен қысқа бейне жазбалар көрсетіліп, сол видеолар арқылы оқушылар екі топ болып сол бейнежазбадан алынған сөйлемдерді әр түрлі эмоция, сезімде әртістік қабілеттерін көрсете отырып, сөйлемдерді оқыды.    Шығармашылық жобада  екі топ  екі түрлі мультфильмнің кейіпкерлерін сипаттап, сол арқылы екінші топ қай кейіпкер екенін тапты.  Бірінші  топ «Шрек» және  екінші топ «Кунг фу Панда» мультфильмнің  үзінділерін актерлік шеберліктерін көрсетіп,  актер мен актриса рөлдерінде дауыстап ойнады. Шығармашылық жобаның келесі бөлімінде постер және «Jamboard» интерактивті оқу құралы арқылы әр топ мультфильмдердің сюжеттерін және  қызықты ақпараттар туралы  қорғады. Соңында екі топ бірін-бірі бағалады. Jamboard интерактивті желісі арқылы балалар қанша ұпай жинағандарын жазып көрсетті. Оқушылар сабақтың соңында  кері байланыста «Jamboard» интерактивті желісінде өз ойларын жазды. Сабақ жоғары деңгейде  өтті.

22 ақпан күні 4 «Б» сыныбымен Сабанчиева Айгерим  «Healthy food»  тақырыбында ашық сабақ өтті. «Сәлемдесу» ширату жаттығуымен сабақты бастады. Алдыңғы сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында үй жұмысын «Сен-маған, Мен-саған» ойыны   арқылы тексерді. Келесі этапта оқушылар жаңа тақырыпты берілген бейнежазба арқылы болжады. Тақырып ашылғаннан кейін жаңа сөздерді интерактивті тақта арқылы таныстырып,  «drilling» әдісі арқылы таныстырды. Оқулықтағы 15, 16,17 жаттығуларды электронды кітап арқылы орындатып, оқушыларға пайдалы және зиян тағамдардың ағзаға қаншалықты әсерін үйретті.  «Сұрақ – жауап» әдісі арқылы оқушыларды сөйлеуге баулыды. Quiz интеллектуалды ойыны арқылы балаларды бәсекелестікке жетелеп, олардың алған білімін тексерді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

22 ақпан  күні 8 «Б» сыныбымен Конысбай Гаухар «Culture page. Burabay National Nature Park» тақырыбында  ашық сабақ өтті. Сабақта психологиялық ахуал орнатты. Quizizz арқылы өткен грамматикалық тақырыпты тексерді. Жаңа сабақтың тақырыбын сурет бойынша жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың өздері  ашты. Мәтінмен жұмыс жүргізіліп, мәтіннен ырықсыз етісті тапты.Сабақта оқушылар жобалық тапсырмаларды құру бойынша қадамдық нұсқаулықтармен танысып,  шығармашылық тапсырма ретінде фрагменттерден топпен жоба құрастырды .Үй тапсырмасы беріліп, сабақтың  қорытындысы шығарылып, оқушылар бағаланды. Сабақ жеткілікті деңгейде өтті.

23 ақпан күні  оқушылардың танымдық қабілетін ояту және шет тіліне деген қызығушылығын ояту мақсатында  «Movie time» атты сыныптан тыс іс-шара 2-7 сыныптар арасында өткізілді. Бұл іс-шарада  оқушыларды ағылшын тілдес бес мемлекетпен таныстырып, оқушыларға танымдық ‘Gog’s Adventure”, “Harry Potter” көркем фильмдері көрсетілді, оқушылар өз әсерлерін «Екі жұлдыз бір тілек»әдісі арқылы бөлісті.Сыныптан тыс іс-шара жоғары деңгейде өтті.

23 ақпан күні  ағылшын тілі пәні мұғалімі Сайлау Толқын Серікқызы

 6 «ғ» сыныбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың тақырыбы: City tour. Мақсаты: Жаңа тақырып ережесімен таныстыру. Диалог, монолог арқылы оқушылардың сөздік қорларын кеңейту. Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақ барысында мұғалімнің талаптылығының арқасында оқушылар  жұмысқа жылдам кірісті. Оқушыларға жыл мезгілі және  ауа-райы жайында (ағылшын тілінде) сұрақтар қойылды. Фонетикалық жаттығу ретінде ағылшын тілінде жаңылтпаштар айтылды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталады. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты ереже формуласымен бейнетаспа ұсынылды. Ережеге сәйкестендіре отырып, етістіктің дұрыс формасын табу тапсырмасын оқушылардың 80% дұрыс орындады. Қорытынды кезеңінде барлық оқушы қамтылып, әр сұраққа өз деңгейінде жауап алынды. Әр жауаптан кейін мұғалім оқушыларды ынталандырып отырды. Оқушылар сабақты жете түсінді. Жоспарланған тапсырмаларды оқушылар өз уақытымен орындап, меңгере алды. Сабақ жеткілікті деңгейде өтті.

24 ақпан күні Аканова Ардак 11 «Б» сыныппен «Energy storage solutions» тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыларды қатыстыра отырып айқындады.«Ойлан- тап»әдісі арқылы үй тапсырмасы тексерілді.  Топтық жұмыста «Energy storage benefits»» тақырыбында жоба дайындап, презентация жасады.Келесі кезеңде сөздік жұмыс жүргізілді ,wordwall.net қосымшасы арқылы оқушылар суреттерге сәйкестікті тапты. Суреттер мен құралдардың атауларымен танысқаннан кейін оқушылар «Energy» тақырыбы бойынша мәтінді оқып, негізгі сөздерді атады. «Орнын тап» ойыны мәтіндегі жетіспейтін сөйлемдерді тауып, оларды мағынасы бойынша орналастырды. Дағдыларды жетілдіру үшін барлық оқушылар орындарынан  тұрып, өздеріне серіктес  тауып,  барлық сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, пікірталасқа түсті. Сабақ соңында қорытынды жасалды, ұпайлар есептелді. Кестелерде, әр тапсырмада оқушылар өздеріне ұпай жинады.Сайт арқылы padlet.com оқушылар сабақ туралы пікір және әсер қалдырды.»Энергияны сақтау тәсілдерін табу» үй тапсырмасы берілді. Сабақ  өз мақсатына  жетті, жеткілікті деңгейде өтті.

24 ақпан күні  Маратова Айым 2 «З» сыныбымен «My food»  тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ амандасумен,түгендеумен басталды. Алдыңғы сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында интерактивті тақта арқылы презентация қосылып, тартымды анимациялары арқылы оқушылардың назарын аудартып, білімдерін суреттерге қарап жауап беру  арқылы тексерді. Оқушылар үй жұмысына берілген тапсырманы  көрсетіп, оқып шықты. Келесі этапта оқушылар тақырыпты көрнекіліктерге қарап, болжады. Тақырып ашылғаннан кейін жаңа сөздермен видео арқылы танысты. Видеодағы сөздерді қайталап, одан кейін қалып қойған әріптерді орнына қою тапсырмасы арқылы сөздерді бекітті. Тақырып бойынша өлең тыңдатып, балалар  жаңа сөздер бар өлеңді айтты. Оқулықтағы 13- жаттығу оқытылды, оқушыларға осы шақ мезгілінің болымды және болымсыз, сұраулы түрі үйретілді. Бір- біріне сұрақ қою арқылы оқушыларды сөйлеуге баулыды.  Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді.  Кері байланыс жүргізіліп, балаларға ағылшын тіліне аударуға болымды, болымсыз, сұраулы түрінде сөйлемдер берілді.  Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады және бірін-бірі бағалады.  Сабақ жоғары деңгейде өтті.

25 ақпан күні неміс тілі пәнінің мұғалімі Балажанова Айгуль Айдаржановна 5 «В» сынып оқушыларымен «Die Zahreszeiden. Der Winter und der Fruhling» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Жаңа сабақты  тақырыпқа байланысты слайд арқылы түсіндірді. Оқушылар шығармашылық белсенділіктерін көрсете білді. Соның ішінде сыныптың атмосферасын көтеру мақсатында шаттық шеңбері аясында тілек айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл, жағымды атмосфера туғызды. Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруге негізделген. Мұғалім әрбір тапсырмаға тоқталып, мазмұнын ашып, нақтылап отырды, яғни, түсіндіру әдісін шебер қолданды. Сабақта миға шабуыл, ой қозғау мақсатында сұрақтар берілді. Салыстыру кестесі, сұрақ-жауап әдістерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырды. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

25 ақпан күні неміс тілі пәні мұғалімі Носуль Занфира Маснавиевна

 7 «В» сынып оқушыларымен «Deutsch macht Spab» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақта психологиялық ахуал орнатты. Ауызша тапсырмалар орындап, оқулықтағы мәтінмен жұмыс түрлері жүргізілді. Топтық және өздік жұмыс жүргізіліп, деңгейлік тапсырма ұтымды ұйымдастырылды. Әр тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

25 ақпан күні пән мұғалімдері Ж.Тоқбергенова, Н.Жолдыбалинова, Қ.Макашева, С.Тұтқабаева , Ф.Темерболатованың ұйымдастыруымен  “Moana’s Adventures in Wonderland” атты  апталықтың салтанатты жабылу кеші  өтті.  Ертегі кейіпкері Моана ғажайып әлемде жүреді, оның негізгі мақсаты: Те Fiti ге тасты жеткізіп, оны өз қалпына келтіру болды. Мақсатына жету барысында көптеген қиындықтар мен қызықтарға толы оқиғаларға тап болады. Моанаға мақсатына жетуге сиқырлы ертегі кейіпкері Гарри Поттер көмектеседі. Оның сиқырлы таяқшасы арқылы әртүрлі елдерге, оқиғаларға куә болады.  Концерттік бағдарлама 9 «Ә»  сынып оқушысы Жұлдыздың керемет әнімен басталды. Ары қарай Shadow Puppet  қойылымымен жалғасты.  8 «А» сынып оқушылары Красноперова Дария,  Урынбасар  Томирис және Осельбаева Линара неміс тілінде ән шырқап, би биледі.   9 «Б»  сынып оқушысы Садуова Адия неміс тілінде мәнерлеп өлең оқыды. 8 «Е» сынып оқушылары «English speaking countries» атты ағылшын тілінде сөйлейтін 5 елді таныстырып берді. 2 «А»  сынып оқушысы Іңкәр керемет және қылықты әнімен көрермендерді таң қалдырды. 4 сынып оқушылары Сапар Адия, Тағаева Мадина, Сапар Әмина,  Оралбай Ұлжан, Өсербай Альдина өздерінің заманауи билерімен көрермендерді қызықтырды.  Соңында Моананың Те Fiti ге тасты жеткізіп, оны өз қалпына келтіруі, жер жаhанды көкке айналдыруы барлығына қуаныш сыйлады. Кеш барысында оқушылар өздерінің шет тілдеріне деген қызығушылығын көрсетіп, соңында апталық барысында өтілген байқау жеңімпаздары мараппатталды. Онкүндіктің салтанатты жабылу кеші жоғары деңгейде өтті.

Қорытынды: Шет тілдер бірлестігінің мұғалімдері  онкүндікті креативті, заман талабына  сай  қызықты өткізді. Бұл онкүндік оқушылардың  сабақтағы  және сабақтан  тыс жұмыстарын  ұйымдастыруға  заман талабына  сай жол таба білуге арналды. Ашық сабақтарда пән мұғалімдері жаңа технологияны  және әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді, ұтымды пайдалану арқылы өз мақсатына жетті.Онкүндік мазмұнды және жақсы сезімдерге толы болды. Онкүндік барысында мұғалімдердің шеберлігі мен оқушылардың белсенділіктері байқалды. Оқушылар өздерінің білімдерін барынша көрсете білді және сабаққа деген белсенділіктері арта түсті. Жалпы шет тілдер бірлестігінің онкүндігі жоғары деңгейде өтті.