Білім беру саласындағы инновациялар – оқушы құзіреттілігін дамытудың кепілі

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында 9 ақпан күні «Ұлағат» шығармашыл ұстаздар тобы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім беру саласындағы инновациялар – оқушы құзіреттілігін дамытудың кепілі» тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырды.
Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны бойынша белсенді әдіс-тәсілдер қолданудың тиімділігін жас мамандарға көрсету. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау.
Міндеттері:
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
2. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатына критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Жас мамандардың бойында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
 Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатына критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
 Жас мамандардың бойында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптасады.

Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәжірбиелік семинардың жоспары құрылды.
Шығармашыл ұстаздар Ж.Н.Паримбекова, К.С. Макашева, С.Н. Туткабаева өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып, олардың шығармашылық ізденістерін ,өзін-өзі дамыту және жүзеге асыруын, кәсіби құзыреттілігін қалыптастырды. Әр ұстаздың жаңашылдық білім-білігін жас мамандарға үлгі ету орын алды. Өткізілген семинарға мектебіміздің жас мамандары қатысты. Өздеріне керекті ақпараттарды түртіп алды. Семинар соңында жасалған кері байланыстан өздеріне құнды дүниелер алғандықтарын аңғаруға болады.
Семинар жұмысын ДӘІЖ орынбасары Абдикаримова Гүлжанат Айдарханқызы қорытындылады.