Мектеп туралы

Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – сабақ оқыту. Оны мұғалім атқарады.[1]

Мектептердің түрлері: 1) білім беру сипатына қарай: жалпы білім беретін және кәсіптік;

2) берілетін білім көлеміне қарай: бастауыш, орта, жоғары;

3) балаларды жынысына қарай бөліп оқытатын мектептер;

4) оқытудың тілдік нысанына қарай: а) ұлт мектебі; ә) орыс тілді мектеп, аралас тілді мектеп; б) дінге қатысына қарай: діни зайырлы; в) меншік түріне қарай: мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік (ақылы) мектептер болып сараланады; қара Қазақстан (оқу-ағарту жүйесі).[2]